БҮГІН - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ: «Ассамблея жастары» бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі Равиль Юнусов медицина қызметкерлеріне алғыс айтты

БҮГІН - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ: «Ассамблея жастары» бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі Равиль Юнусов медицина қызметкерлеріне алғыс айтты
Сурет: Inform.kz

Равиль Юнусов: Пандемия басталғалы вируспен дамылсыз күрескен дәрігерлерге мың алғыс!

«Ассамблея жастары» бірлестігі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Равиль Юнусов Алғыс айту күнінде медицина қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Медицина қызметкерлері коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүр. Олар пандемия басталғалы бері халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етуде. Талай адамның жанын ажалдан арашалап қалды. Дәрігерлердің осындай ерліктерін елеусіз қалдыруға болмайды. Ақ халатты абзал жандар қандай құрметке де лайық! Сіздерге Алғыс айту күнінде шынайы ризашылығымды жеткіземін», - деді Равиль Юнусов.

Өз сөзінде ол «Ассамблея жастары» бірлестігі мүшелерінің Өскемен қаласындағы 1-ші қалалық аурухананың жансақтау бөлімшесінің дәрігерлеріне тосынсый жасағанын жеткізді.

«Бүгінгі мерекеге орай медицина қызметкерлеріне тәтті-дәмді салынған сыйлықтар бердік. Денсаулық күзетінде күні-түні тер төгіп, ауыр жұмыстан шаршайтын дәрігерлерге қуаныш сыйлағымыз келді», - деді бірлестіктің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі.