Биыл Наурызбай ауданында 55 көше жөнделеді

Биыл Наурызбай ауданында 55 көше жөнделеді
almaty-akshamy.kz

Жол инфрақұрылымы мен қоғамдық көлікті дамыту әкімдік жұмысының басым мәселелерінің бірі болып қала береді.

2023 жылы Ақжар және Шұғыла шағын аудандарында 14 көшеде 27 шақырым жол, Қалқаман, Құрамыс, Таусамалы, Шұғыла шағын аудандарында 11 көшеде 8 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды. Сондай-ақ ұзындығы 15 шақырымды құрайтын 16 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында аудандағы 170 көшеге 45 мың шаршы метр асфальт жабындысы қалпына келтірілді.

2024 жылы «Ақжар» және «Шұғыла» шағын аудандарында тағы 8,8 шақырым жол салу, 55 көшеде 28,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен тағы 70 мың шаршы метр жол жамылғысын қамту жоспарлануда.