Ажал шахтасы, Қалдықтың да қажеті бар, Құлақсыз қалдырған құлаққап

Ажал шахтасы, Қалдықтың да қажеті бар, Құлақсыз қалдырған құлаққап
Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы

Almaty-akshamy.kz сайтының бүгінгі жаңалықтарына шолу – күн керуені

Боксшылар алған бес жолдама

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының лицензиясы үлестірілетін әлемдік турнир өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының ерлер және әйелдер арасындағы 11 боксшысы (6 ер, 5 әйел) қатысып, ұлттық құрама қоржынына Париж Олимпиадасының бес жолдамасын салды. Өкінішке қарай, әйелдер құрамасы лицензияға қол жеткізе алмады.

Нұрлан имам не дейді?

Нұрлан имам Байжігітұлы ораза ұстаған адам сәресіне ұйықтап қалса не істеуі керегін түсіндірді

«Сәресіне ұйықтап қалдыңыз, уақыты шығып кетіпті: кеше жасаған ниетіңізді бүгін қайтадан айтыңыз. Су ішудің қажеті жоқ. Уақыты кірсе жалғастыра бересіз. Егер уақыты кірмей, санаулы минуттар қалса ниетіңізді айтып, сумен бекітіп қойсаңыз болады. Көп адам сумен бекітіліп, сумен ашылады деп ойлайды екен. Жоқ, ораза уақытымен ашылып, уақытымен жабылады. Сәресі тамақ ішпей, кешке дейін жүргеннен кейін адамның асқазаны тартылып қалып, сол кезде жұмсақтап тәтті нәрсе жеп немесе су ішу - денсаулыққа пайдалы», - деді имам.

Медкітапша да онлайн болмақ

Келесі жылдың басынан бастап азаматтардың жеке медициналық кітапшалары (ЖМК) толығымен онлайн-форматқа көшеді, бұл азаматтарға медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, жұмысқа жіберу туралы мөртабан алу үшін терапевтке қайта бару қажеттілігін болдырмайды.

Қалдықтың да қажеті бар

ҚР Экология министрлігі мәлімдеуінше, былтыр елімізде 1 млн тоннадан астам қалдық өңделген.

«2023 жылы елімізде 4,1 млн тоннаға жуық коммуналдық қалдықтар түзілген. Оның 1 млн тоннасы сұрыпталып, қайта өңделді. Қоқысты шығару қызметімен еліміздің 80%-ға жуық халқы тұратын қалалар мен ірі елді мекендер қамтамасыз етілген. Коммуналдық қалдықтардың морфологиялық құрамы шамамен 70% пайдалы фракциялардан тұрады, атап айтқанда 16% пластик, 11% макулатура, 9% шыны, 37% органикалық қалдықтар, 27% тағы басқалары», деді экология министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.

37 зауыт іске қосылады

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу мәселесі қаралды.Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жалпы қуаттылығы жылына 1,2 млн тоннадан асатын жаңа 37 зауыт салу және жұмыс істеп тұрған 8 зауытты жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл өңдеу көлемін жылына 1,4 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

АПВ вакцинасы кімге салынады?

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу 2024 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған. ДДҰ ұсынымына сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинациялау үшін қажетті топ-9-14 жас аралығындағы қыздар.

Құлақсыз қалдырған құлаққап

Қытайда екі жыл бойы құлаққаппен ұйықтауды әдет еткен әйел есту қабілетінен айырылды. Ванг есімді әйел есту қабілеті нашарлағанын байқап, құлағын тексеру үшін ауруханаға барды. Науқастың сол құлағында неврологиялық есту қабілетінің зақымдануы байқалған.

Ажал шахтасы

Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасының 43 жастағы кеншісі  құрылғыны монтаждау кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан қайтыс болған. Қайғылы оқиға 12 наурыз күні түнде компанияның көмір департаментіне қарасты "Саран" шахтасында монтаждау жұмысының арнайы жабдықты жөндеу кезінде болған.

Алматыны қар басады

Синоптиктер осылай деп отыр. Мамандардың болжауынша, қалада 2024 жылдың 13 наурызында қолайсыз ауа райы болады. Осыған байланысты Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына маңызды ескерту жасады.

Таулы аймақтарға серуендеуді ауа райы қолайлы болғанша кейінге қалдырған дұрыс.

Ислам әлемі мойындаған Хиуа

Өзбекстанның Хиуа қаласына ислам әлемінің туристік шаһары мәртебесі берілді. Мұны айғақтайтын арнайы сертификатты Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшылығы табыс етті. Екі жыл бұрын ұйымға мүше елдердің сессиясында Хиуа, Әбу-Даби, Шанлыурфа, Лагос пен Душанбе «2024 жылғы ислам әлемінің туристік шаһары» мәртебесіне ұсынылған. Орта Азиядағы бес қаланың ішінен Хиуа лайық деп танылды.