«Саран» шахтасында кенші қаза тапты

«Саран» шахтасында кенші қаза тапты
Сурет: интернеттен

Жұмысшы  жөндеу кезінде жарақат алып, соның кесірінен көз жұмған.

Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасының 43 жастағы кеншісі  құрылғыны монтаждау кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Qarmet»-тің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 наурыз күні түнде компанияның көмір департаментіне қарасты "Саран" шахтасында монтаждау жұмысының арнайы жабдықты жөндеу кезінде болған. 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, соның салдарынан көз жұмды.

"Жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды, ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген. Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен", - деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

"Qarmet" АҚ өкілдері марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.