Жапонияда «дельта-штамм» өздігінен жойылып кеткені айтылды

Жапонияда «дельта-штамм» өздігінен жойылып кеткені айтылды Cурет: Reuters

Жапонияда коронавирустың таралуы төмендеді


Жапонияда вирустың дельта-штамм нұсқасы өздігінен жойылу себепті коронавирустың таралуы төмендеді. Бұл туралы елдің Генетика ұлттық институтының профессоры Итуро Иноуэ Japan Times басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оның пайымдауынша, тұрақты түрде мутацияға ұшырап отырған вирус дельта-штамды «бұзған» және сол себепті ол нұсқа өздігінен жойылып барады. 


Профессор сондай-ақ Жапонияда аурудың таралуына жаппай вакцина алу мен инфекциядан қорғану шаралары да әсер еткенін мәлімдеді. 


Бұған дейін елде үш ай бойы коронавирустың таралуы рекордтық көрсеткішке дейін жетіп, тәулігіне 26 мың адамнан вирус анықталған болатын. Қазіргі таңда күніне анықталған вирустық жағдай 200-ге жетер-жетпес қана.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55