Хиуа - ислам әлемінің туристік шаһары

Хиуа - ислам әлемінің туристік шаһары Сурет: Ortcom.kz

Өзбекстанның Хиуа қаласына ислам әлемінің туристік шаһары мәртебесі берілді.


Мұны айғақтайтын арнайы сертификатты Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшылығы табыс етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Екі жыл бұрын ұйымға мүше елдердің сессиясында Хиуа, Әбу-Даби, Шанлыурфа, Лагос пен Душанбе «2024 жылғы ислам әлемінің туристік шаһары» мәртебесіне ұсынылған. Орта Азиядағы бес қаланың ішінен Хиуа лайық деп танылды.


2500 жылдық тарихы бар Хиуа қаласындағы ерекше шараға Ислам ынтымақтастығы ұйымының өкілдері, сарапшылар мен туризм саласына жауапты азаматтар келген. Тарихи шахарға ислам әлемінің туристік астанасы мәртебесінің берілуі Хиуаның саяхатшылар үшін аса танымал бағытқа айналуына мүмкіндік береді.



«Бұл шахар ежелден мәдениеттің, ғылым мен өркениеттің орталығы ретінде танылған. Астрономия, математика, химия ілімдері бойынша көптеген оқу орындары мен ірі ғылыми орталық дәл осы қалада болды. Хиуа өзінің бай тарихымен, әрі бірегей сәулетімен ортақ мұрамыздың маңызын айшықтап келеді», - дейді Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшысының орынбасары Ахмад Кавеса Сенгендо. 



Былтыр Хиуаға 500 мыңнан астам турист келген. Алдағы уақытта саяхатшылар санын 1 млнға дейін жеткізу үшін қажетті жағдай жасалып жатыр. Атақты Хиуа қаласы Орталық Азияда бірнеше мың жылдық тарихтың сырын қойнауына бүккен және толық сақталған жалғыз шаһар. 1990 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Дүниежүзілік мұра нысандары» тізіміне енді.



«Саяхатшыларға жағдай жасауды барынша жақсатрту басты назарда. Туризм саласында қызмет көрсететін азаматтарды шетелде оқыту жолға қойылған. Мұнан өзге Хиуаның тарихын көпшілікке кеңінен насихаттауға ден қойып келеміз. Зиярат туризмі бағытында фестиваль өткізуді жоспарлап отырмыз», - туризмді дамыту комитетінің басқарма басшысы Иброхим Барноев. 



Шара барысында Хиуа қаласының хокиматына «2024 жылғы ислам әлемінің туристік астанасы» мәртебесінің сертификаты табысталды. Биыл мамыр айында ИЫҰ-ға мүше елдердің сессиясы өтпек. Онда «Хорезм хандарының тағамдары» атты гастрономиялық фестиваль, фото және көркем туындылар көрмесін өткізу жоспары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59