Аймақтық бағдарлама аясында бизнеске арналған жеңілдетілген несие бойынша мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендеді

Аймақтық бағдарлама аясында бизнеске арналған жеңілдетілген несие бойынша мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Almaty Business» өңірлік бағдарламасы аясында «Jana Business» жаңа қосалқы өнімі 7% орнына 6% жеңілдетілген несие бойынша ең жоғары мөлшерлеме болады. Шартқа сәйкес, несиелеу сомасы 100 млн теңге, 7 жыл мерзімге беріледі. 

«Бағдарламаның тағы бір жаңашылдығы өнеркәсіп парктері субъектілеріне жылдық 6%-бен, 500 млн теңгеге дейін, 7 жылға дейінгі мерзімге несие алу мүмкіндігін беру», - деді Берік Солтанбаев. 

Тиісті басқарманың басшысы «Алматы Бизнес – 2025» өңірлік бағдарламасы аясында 2023 жылдың алғашқы 6 айында 88 жоба қаржыландырылып, 707 жұмыс орнының құрылғанын атап өтті.