Ауғанстанда «мен – қазақпын» дейтіндер көбейді – ҚР СІМ

Ауғанстанда «мен – қазақпын» дейтіндер көбейді – ҚР СІМ
Сурет: Newtimes.kz

Олардың кейбіреулері қазақ тілінде сөйлей алмайды.

 ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ауғанстанда өздерін қазақпыз дейтін басқа ұлт өкілдерінің көбейгенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Соңғы күндері Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігіне өздерін қазақпыз деп таныстыратын азаматтардың жүгінуі жиілеп кетті. Іс жүзінде олардың ешқандай дәлелдері жоқ. Олардың кейбіреулері қазақ тілінде сөйлей алмайды. Сондай-ақ ата-бабаларының Ауғанстан аумағына қоныс аудару тарихымен, ру-тайпалық байланыстары туралы да айта алмайды. Біз этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына көмек көрсету туралы барлық өтініштерге мұқият тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Ол бір күндік жұмыс емес сондықтан уақыт талап етеді», - дейді Айбек Смадияров.

 Қазір Ауғанстан аумағында 15-ке жуық этникалық қазақ отбасы тұрып жатыр.

 «Ауғанстанда қалып қойған қазақстандықтар елге қайтқысы келсе, Кабулдағы біздің елшілікке хабарлассын. Сол жерде  тиісті шаралар қабылданады. Елге оралғысы келген отандастарымызға көмек көрсетуге әзірміз. Сол үшін де Ауғанстандағы Қазақстан елшілігі тарапынан арнайы комиссия құрылды», - деді министрлік өкілі.