Apple сағаттарын сатуды тоқтатты

Apple сағаттарын сатуды тоқтатты
Сурет: Apple.com

Себебі оттегін өлшейтін сенсордың үлгісін басқа компаниядан көшірген.

Apple 21 желтоқсанда Apple Watch Series 9 және Apple Watch Ultra 2 смарт сағаттарын сатуды тоқтатады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz The Verge басылымына сілтеме жасап.

Бұл технологияны 2028 жылға дейін тағы бір америкалық компания - Масимо патенттегені белгілі болды. Тыйым тек 9 сериялы және Ultra 2 флагмандық үлгілеріне әсер етеді. Гаджеттердің басқа үлгілері сатылымнан жойылмайды.

Masimo бірнеше жыл бойы Apple компаниясымен соттасып келеді. Компания оларды Apple-ді импульстік оксиметрия технологиясын ұрлап, оны танымал смарт сағаттарға енгізді деп айыптады.