Анджелина Джоли Ауғанстандағы ахуал жайында баяндау үшін Instagram-да парақша ашты

Анджелина Джоли Ауғанстандағы ахуал жайында баяндау үшін Instagram-да парақша ашты
сурет: Edition.cnn.com

Әлемге танымал өнер иесі Ауғанстан ахуалын әлеуметтік желіде жарияламақ.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли Ауғанстандағы ахуалға назар аударту үшін Instagram-да парақша ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Джоли жұма күні ашқан парақшасында аты-жөні мен мекенжайын бүркемелеген ауған қызының хатын жария етті. Қыз хатында тәлібтердің билігі кезінде өзінің өміріне алаңдайтынын және қорқатындығын жазады. «Тәлібтер басып алғанға дейін құқығымыз болды. Құқымызды еркін қорғай да алатын едік. Олар келгеннен кейін барлығымыз да қорқып отырмыз әрі бүкіл арманымыздың күлі көкке ұшады деп ойлаймыз», - дейді ауған қызы хатында.