Альцгеймерге қарсы жаңа дәрі сынақтан өтуде

Альцгеймерге қарсы жаңа дәрі сынақтан өтуде
Сурет: Midag.ru

 АҚШ-та жаңа дәрі сыналған.

Ол осы аурудың асқынуын 35 пайызға бәсеңдеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Зерттеушілердің айтуынша, бұл – үлкен жетістік. 

Америкалық «Элай Лилли» компаниясы Альцгеймер ауруының дамуын баяулататын дәрі ойлап тапты. Препарат«Дона-не-маб» деп аталады. 1,5 жылға созылған зерттеуге 1 мың 700 адам қатысқан. Оның барысында дәріні қабылдаған 47% адамда дерттің қабынуы тоқтаған. Бірақ кей науқастарда мидың ісінуі сияқты кері жанама әсерлер де тіркелген. Дегенмен Бірлестік АҚШ-тың дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасына препаратты қолдануға рұқсат беруге өтініш жолдамақ.

Айта кетсек, қазір Құрама Штаттар аумағында Альцгеймерге шалдыққан 6 миллионнан астам адам бар. Болжамдарға қарағанда, олардың саны 2050 жылға дейін 13 миллионға жетуі мүмкін.