Алматылық хирургтар «рекорд» жаңартты

Алматылық хирургтар «рекорд» жаңартты
Сурет: Мed-kontakt.ru

Олар  62 жастағы әйелдің өтінен 1730 тас алды.

Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасына 62 жастағы әйел оң жақ қабырға астының ауруы, жүрек айну, құсу, ауыздың құрғауы секілді шағымдарымен шұғыл түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  емдеу мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігерлер тексергеннен кейін науқасқа "Жедел тас холециститі" деген диагноз қойып, жалпы анестезиямен, заманауи аз инвазивті технология бойынша – «Лапароскопиялық холецистэктомия» операциясы жасалды.

Ота барысында өттен диаметрі бірнеше миллиметрден 1,5 сантиметрге дейінгі 1735 тас шығарылған.

"Бұл ота менің рекордымды жаңартты. Бұл жолы тек өттен 1730-дан астам тас табылды. Денсаулықты сақтау және өт тас ауруымен байланысты асқынулардың алдын алу үшін профилактикалық және скринингтік тексерулерден өтуді ұсынамын", - деді хирургия бөлімінің меңгерушісі профессор Мұса Сахипов.

Мамандардың айтуынша, тастардың сары түсті болуы холестериннің жоғары болуына байланысты.

Өтіне тас жинаудан рекорд орнатқан пациент отадан кейін төртінші күні үйіне шықты.