Нью-Йоркте Семей полигонының жабылуына арналған көрме ашылды

Нью-Йоркте Семей полигонының жабылуына арналған көрме ашылды
Сурет: Azh.kz

Семей полигонының жабылуына арналған көрмеде фотожұмыстар таныстырылды

БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Семей полигонының жабылуына арналған көрме ашылды. Оған адамзат баласының ядролық сынақтардан тартқан азабы бейнеленген фотожұмыстар қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабу жөніндегі 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығының көшірмесі келушілер назарына ұсынылды. Шараға қатысушылар Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы өзге мемлекеттерге үлгі болатынын тағы бір мәрте атап өтті.

«Көрмеден ерекше әсер алдым. Жалпы, Қазақстанның Семей полигонын жабуы - батыл шешім. Әлемдік қауымдастықта бұл бастама туралы көп айтылады. Алдағы уақытта Қазақстанмен бірге ядролық қарусыздандыру жолында тәжірибе алмасып, бірге жұмыс істейміз деп ойлаймын», - дейді БҰҰ бас хатшысының қарусыздандыру мәселелері жөніндегі орынбасары Изуми Накамицу.