Алматыдан 609 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 609 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Ашық дереккөз

Тербеліс ошағы Тәжікстан аумағында болды

Алматыдан 609 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі бүгін Алматы уақытымен 8 сағат 17.24-те тіркелген.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 609 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11,1.

MPV магнитудасы - 4,9.

Тереңдігі – 15 км.

MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.