Қазақстан қара алтынды қайда тасымалдайды?

Қазақстан қара алтынды қайда тасымалдайды?

Қазақстан Германияға мұнай тасымалдауды бастауға дайын - Энергетика министрі.

Ертең қазақстандық мұнайдың алғашқы партиясы Германияға жөнелтілуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 20 мың тонна мұнай «Дружба» құбыры арқылы жөнелтіледі.

«Кеше процедуралар аяқталып, қорытынды жасалды. Бүгін басталатынына қатты үміттенемін. Бұл енді компанияның, жүк жөнелтушілердің ішкі келісімшарттық стратегиясы ғой. Синоптиктердің болжамы бойынша, бейсенбі сағат 16:00-де ауа райы қалпына келеді, бұл танкерлерге акваторияға кіруге және жүкті тиеп бастауға мүмкіндік береді», - деді Ақшолақов.