Ауыл тұрғыны пластикалық қалдықтарды өңдеуді қолға алды

Ауыл тұрғыны пластикалық қалдықтарды өңдеуді қолға алды
Сурет: Ашық дереккөз

Барлық пайдаланылған қоқыстарды жинайды

Жетісу облысының экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосу үшін Сарыөзек ауылының тұрғыны Оразбек Бекжан пластикалық қоқыс жинауды қолға алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әлемдік қоғамдастық  пен экологиялық ұйымдардың ерекше назарына қарамастан, пластикалық ластану қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі. Бұл өнімнің едәуір бөлігі бір рет қолданғаннан кейін қоқысқа айналады.

Кәсіпкер жігіт облыстық жұмыспен қамту орталығына келіп, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасының екінші бағытына өтінім беріп, 1 225 200 теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды. 

«Қоршаған ортаға зиянды азайтып, шикізат пен жаңа өнімдер алу үшін пластикті қайтадан өңдеуіміз қажет. Ол үшін мен барлық пайдаланылған қоқыстарды жинаймын. Алматыда пластикалық бөтелкелер өндіретін кәсіпорынмен келісімшарт жасасып, тікелей сатумен айналыстым. Бүгінде пластик  бөтелкелерді өндіру (престеу) орнына электр қуатын жеткізу және қабылдау бойынша келісімшарт орындалуда», - деді Оразбек Бекжан.