Алматыдан 252 шақырымда жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан  252 шақырымда жер сілкінісі тіркелді
almaty-akshamy.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «ННЦСН және И» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 1 ақпан күні сағат 01:21-де жер сілкінісін (афтершок) тіркеді.

- Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым қашықтықта - Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.1. Магнитудасы - MPV 4.6.

Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) білінген жоқ, - делінген Алматы қаласы бойынша кезекші оператордың хабарламасында.