Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде  тұрақсыз ауа райы сақталады
almaty-akshamy.kz

Қазгидромет ел аумағында 1 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің дерегіне қарағанда, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Жауын-шашын түсіп, қар жаууы мүмкін, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр мен қар күтіледі. Ел аумағында тұман, бұқасын болады, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады», — делінген ведомство дерегінде.