Алатау ауданының аумағында 18 кәріз-сорғы станциясын салу қажет

Алатау ауданының аумағында 18 кәріз-сорғы станциясын салу қажет
Сурет: Мetronews.ru

Тұрғын үй салу кезінде құрылыс салу нормаларын сақтамау кәріз-сорғы станцияларын салу кезінде қиындық туғызады.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, Алатау ауданының аумағына 18 кәріз-сорғы станциясын салу қажет еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жеке тұрғын үй салу кезінде құрылыс салу нормаларын сақтамау және құрылыстың тығыз салынуы кәріз-сорғы станцияларын салу кезінде қосымша қиындықтар туғызады.

Аудан тұрғындары жолға асфальт төсеу мәселесін жиі көтереді. Бір жолды екі рет қазып, қайта салу тиімсіз екенін әкім қосымша айта кетті. Сумен жабдықтау және кәріз желілері пайдалануға берілгеннен кейін ғана асфальт төселетін болады.