Алматыдағы №215 маршрут ұзартылады

Алматыдағы №215 маршрут ұзартылады
Сурет: Іnformburo.kz

Қаламыздағы бірнеше автобус бағыты ұзартылды.

3 қыркүйектен бастап "Айша-Бибі" шағынауданы тұрғындарының өтініші бойынша № 215 маршрут ұзартылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Енді ол Хмельницкий көшесімен өтіп, 23-көше - Көрімдік көшесі - Жаяу Мұса көшесі - Рысқұлов даңғылы - Айша бибі көшесімен жүріп өтіп, кері айналады. Кері бағытта Рысқұлов көшесіне оралып (базардан кейін бұрылады) - Жаяу Мұса көшесі - Көрімдік көшесі - 23-көше, одан әрі схема бойынша қозғалады», - делінген басқарма таратқан ақпаратта.