Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебедегі 262 адам айыппұл төледі

Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебедегі 262 адам айыппұл төледі
сурет: Inform.kz

«Қызыл» мәртебедегі адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмеді.

Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебедегі 262 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

«Ashyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 262 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл төледі (30 АЕК), оның ішінде бірнеше тұрғын екі рет төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

«Қызыл» мәртебедегі адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмеді. Құқық бұзушылардың толық тізімін департамент сайтында жарияланды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаториялық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады. Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.