Сейсенбіге арналған ауа райы мәліметі

Сейсенбіге арналған ауа райы мәліметі
Сурет: Chemwatch

Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауады.

«Қазгидромет» синоптиктері 29 наурыз, сейсенбі күні, ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Осыған байланысты жаңбыр мен қар жауады.

Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты желмен бірге қатты жауын-шашын жауады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, солтүстік жартысында бұрқасын соғады.

Ақмола облысының солтүстік- батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, батыста, оңтүстік-батыста екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан асады. Күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде бұрқасын көтеріледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел 17-22 м/с, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с асады. Таңертең және күндіз таулы аудандарда найзағай жарқылдайды.

Жамбыл блысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің екпіні 15-20, күндіз 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысы мен орталығында желдің күші 30 м/с асады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, жолдарда көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, түнде желдің екпіні облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз батыста 15-20 м/с, оңтүстік-шығыста 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде төмен бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың оңтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз желдің екпіні облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, батысында 23-28 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, желдің екпіні түнде батыста, солтүстігінде 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз 15-20м/с, 23-28 м/с жетеді, кей кезде 30 м/с және одан артық жел екпіні күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында түнде көктайғақ болады, жел облыстың оңтүстігінде түнде 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде 23-28 м/с дейін күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында желдің қарқыны 15-20 м/с болады. Күндіз облыс орталығында шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысында желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-батыста жел күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде солтүстік-шығыста көктайғақ, бұрқасын болады.

Күндіз Алматы облысының батысы мен шығысында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.