Алматыда тегін секция мен үйірмелерге жазылудың бірінші кезеңі аяқталды

Алматыда тегін секция мен үйірмелерге жазылудың бірінші кезеңі аяқталды
Сурет: Ашық дереккөз

Үміткерлер 46 минутта кезекке тұрып үлгерді

Бұл ақпаратпен әлеуметтік желіде QaztiQet ЖШС, яғни DamuBala жүйесін әзірлеушілер бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Енді қаланың әр ауданы бойынша ваучер қажеттілігін бағалау процесі аяқталғаннан кейін онлайн кезекке тұру қызметі қайта іске қосылады.

"Алматыда 15 000 ваучерге үміткерлер 46 минутта кезекке тұрды. Бүгін сағат 18-46-да Алматы бойынша кезек құрудың бірінші кезеңі аяқталды. Оператордың мақұлдауымен тегін секция мен дайындық үйірмелерін 15 мың орынға дейін ұлғайтылды", - делінген хабарламада.

Кезекке тұрудың келесі кезеңінің басталу күні алдын ала хабарланатындығы да ескертіледі.