Алматыда сомасы 80 млн теңгеден асатын темекі заңсыз сатылған

Алматыда сомасы 80 млн теңгеден асатын темекі заңсыз сатылған
Сурет: интернеттен

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматыда 55 мыңнан аса электронды темекі заңсыз сатылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ведомствоның Алматы қалалық департаменті прокуратураның үйлестіруімен электронды темекіні (вейп) заңсыз көтерме саудалау қызметінің жолын кескен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалада электронды темекіні заңсыз көтерме сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды.

«Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан аса электронды темекі табылып, тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды», деді ҚМА ресми өкілі Әділ Әбілов.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ агенттік өкілі вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін, есте сақтау, зейінді шоғырландыру, өзін-өзі бақылау және оқу қабілетіне зиянды әсер ететінін еске салды. Ата-аналардан балалардың мінез-құлқына, денсаулығына және оның не сатып алатынына назар аударуды сұрады.