Алматыда Сенат депутатының сайлауына 4 әйел кандидат түсіп жатыр

Алматыда Сенат депутатының сайлауына 4 әйел кандидат түсіп жатыр
сурет:el.kz

Таңдаушылардың бірлескен отырысына 37 депутат қатысып, дауыс беруде.

Алматыда Сенат депутатын сайлау үшін таңдаушылар дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, таңдаушылардың бірлескен отырысына 37 депутат қатысып, дауыс беруде.

Дауыс беру сағат 11.00-де басталды.

Айта кетелік, Алматыда Сенат депутатын сайлауға 4 әйел кандидат түсіп жатыр.