Жәмила Бақбергенова мен Азамат Дәулетбеков әлем құрамасына шақырту алды

Жәмила Бақбергенова мен Азамат Дәулетбеков әлем құрамасына шақырту алды
Сурет: Egemen.kz

Чемпионаттың жүлде қоры 100 мың швейцар франкін құрайды.

Жәмила Бақбергенова мен Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем кубогында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстанның күрес федерациясына сілтеме жасап.  

«10-11 желтоқсанда АҚШ-та еркін күрестен және әйелдер күресінен әлем Кубогы өтеді. Әлем чемпионатының рейтингі бойынша бес үздік команда кубокқа жолдама алады. Алтыншы команда - Жұлдыздар тобы. Бұл топтың құрамын Біріккен күрес әлемі (UWW) шешеді»,- делінген Қазақстанның күрес федерациясының Instagram парақшасында.

Айта кетсек, чемпионаттың жүлде қоры 100 мың швейцар франкін құрайды. Бірінші орын алған команда ұтыстың 70%-ын, екінші команда 20%-ын, үшіншісі 10% алады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Wrestling ???????? (@kazakhstan__wrestling)