Димаш Құдайберген «Stranger» турнесімен Түркияға барады

Димаш Құдайберген «Stranger» турнесімен Түркияға барады
Cурет: Elorda.info

Димаш Құдайберген әлем елдері бойынша «Stranger» атты турнесін жалғастыруда.

Турне аясында қазақстандық әнші Түркияда жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«DimashAli» шығармашылық орталығы 2023 жылғы 6 мамырда Түркияның Анталья қаласындағы Акдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті туралы хабарлайды», - делінген парақшада.

Билеттер сатылымы https://www.dimashali.com сайтында Астана уақытымен 23 қаңтар күні, сағат 12:00-де басталды.

Айта кетейік, Акдениз университетінің көпфункционалды стадионы Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан. Сыйымдылығы – 7100 адам.