Шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды
Сурет: Tengrinews.kz

Бүгіннен бастап Қазақстанда шетелдік автокөліктерді тіркеу басталды.

Бірақ талапқа сай келетін көліктерді ғана тіркеуге рұқсат, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Олар - шетелде есепте тұрған жеңіл көліктер, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктері мен басқаруы оң жақтағы автокөліктер. Әрі ел аумағына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінуі тиіс. Сонымен қатар, криминалдық есепте тұрмауы керек. Басқа мемлекетте бұрын тіркелген жерінен есептен шығарылуы қажет. Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі шарт.

Өтінім осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Алғашқы тіркеу құны - 200 мың теңге.