Алматыда полицейді қаққан жүргізуші ізін суытпақ болған

Алматыда полицейді қаққан жүргізуші ізін суытпақ болған
Cурет: Astanatv.kz

Алматыда полицейді қағып кетіп, ізін суытпақ болған жүргізушінің үстінен тергеу басталды.

Оқиға 21 мамыр күні таңғы алтыда болған. Toyota көлігінің жүргізушісі мас күйінде Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Назарбаев даңғылымен қиылысында полиция қызметкерін қағып кеткен. Полицей аталған көлікті жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатып тұрған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Соқтығысқаннан кейін Toyota жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талаптарына бағынбай, жасырына бастаған. Желтоқсан мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында жүргізуші бағдаршам бағанасына соғылды. Бұл деректі Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр», - делінген полиция мәліметінде.