Қазақстанның сайлау тарихында тұңғыш рет әйел адам президенттікке ұсынылды

Қазақстанның сайлау тарихында тұңғыш рет әйел адам президенттікке ұсынылды Сурет: Ашық дереккөзі

Қарақат Жақсылыққызы Әбден – танымал қоғам қайраткері


20 қарашада өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Қазақстанның сайлау тарихында тұңғыш рет әйел адам ұсынылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Айта кетейік, бүгін Астана қаласы Қонаев көшесі 29/1 мекенжайында орналасқан Қазақстан-Швейцария-АҚШ колледжінің базасында жұмыс істейтін Әлеуметтік жұмыскерлер мектебінде «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жиыны өтті.


Жиын барысында «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің алдыға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру жолында және ұлттық деңгейде әлеуметтік әлжуаз топтардың проблемаларын көтеріп, олардың мүддесін қорғау мақсатында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбден ұсынылды.


Қарақат Жақсылыққызы Әбден – танымал қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі, 4 бала тәрбиелеп отыр.


1974 жылы Ақмола облысында туған. Мемлекеттік лауазымдарда қызмет еткен, соның ішінде Салық комитеті Орталық аппаратында, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам уақыт қызмет еткен.


Астана мәслихатының VI шақырылымының депутаты. Балалар үйі мен нәрестелер үйінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі, балалар үйінің 15 тәлімгерінің менторы, тәрбиешісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22