Медеу ауданын жарықпен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда

Медеу ауданын жарықпен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда
Сурет: Almaty.tv

17 км электр желілері бойынша жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталады. 

Әзірше 16,8 км  электр желісін тарту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Кеңсай", "Бутаковка" және "Каменское плато" ықшамаудандарында жалпы ұзындығы 33,8 км электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстар жүргізілуде. Бүгіндері 16,8 км  электр желісін тарту жұмыстары аяқталды ("Бутаковка" ы/а, "Кенсай" ы/а, "Каменское плато" ы/а). Қалған 17 км электр желілері бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. 

«Біздің кездесулеріміз барысында көтерілген мәселелерді ескере отырып, Медеу ауданының 55 көшесінің тізбесі жасалды. Олар бойынша сыртқы жарықтандыру желілерін жүргізу қажет. Ағымдағы жылдың соңына дейін 18 көше бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады (Талғар және Құлжа жолдары арасындағы 5 шақырым көше, Достық даңғылы, Жамақаев көшесі, 11-үй, Рубинштейн көшесі, Казачка өзені, Дауыр көшесі, Горная көшесі, Жаркент көшесі, Әжібай батыр көшесі, Обсерватория көшесі, Сәрсенбаев көшесі Кенсай-2 зиратына қарай,  Иванилов көшесі,, Жамақаев көшесі, 254 үй, Западная көшесі, Шоқай көшесі,Сұлтанғазин көшесі, Оңдасынов көшесі, Халиуллин көшесі). Қалған көшелер бойынша жұмыстар 2023 жылы аяқталады», - деді бүгін Медеу ауданының халқымен кездескен қала басшысы Ерболат Досаев.