Алматыда NAIZA 36 турнирі өтеді

Алматыда NAIZA 36 турнирі өтеді
Сурет: Рrosports.kz

Бүгін тартысты кездесу болмақ

29 желтоқсанда Алматыда Naiza Fighting Championship промоушнының ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен NAIZA 36 турнирі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

Кештің басты оқиғасы қазақстандық файтер Ильдар Құдайбергенов (4-0) мен Серікбай Ходжабаев (11-5) арасындағы жеңіл салмақтағы лига чемпионы атағы үшін жекпе-жек болмақ.

Сонымен қатар, жарыс кардына қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова (1-1), Фанил Рафиков (19-8), Асу Алмабаев (13-2) және Сора Рахмонова (1-1) қатысатын жекпе-жектер енгізілген.

Жалпы, турнирде он төрт жекпе-жек өтеді.

NAIZA 36 турнирінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан және Бішкек уақытымен 16:00-де, Мәскеу уақытымен 13:00-де басталады.