Алматыда қалың қар жауып, көктайғақ болады

Алматыда қалың қар жауып, көктайғақ болады
Сурет: Ашық дереккөз

ТЖД өкілдері ескерту жасады

Алматыда 10 қаңтар күні таңертең және түстен кейін қалың қар жауып, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК ескертуі негізінде 10 қаңтар күні Алматыда таңертең, түстен кейін қалың қар жауып, кейде тұман, көктайғақ болатынын мәлімдеді.

Осыған орай, қалалық ТЖД өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына, автокөлік иелеріне ескерту жасады.

«Азаматтардан таулы жерлерге бармауды, 112 қызметінің СМС-хабарламаларын, теледидардағы, радиодағы, басқа да БАҚ-ғы ақпараттарды назардан тыс қалдырмауды сұраймыз. Автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да ілулі құрылымдардың астына көліктерін қоймауға кеңес береміз. Қауіпсіз орын табыңыз, арнайы тұрақ орындары болса, тіптен жақсы», - делінеді хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін "Қазгидромет" Алматыда 10 қаңтарда таңертең және күндіз кей уақытта қалың қар жауып, кей уақытта тұман, көктайғақ күтілетінін хабарлаған болатын.