30 градус аяз: «ҚазАавтоЖол» жолаушылар автобусының қозғалысына тыйым салады

30 градус аяз: «ҚазАавтоЖол» жолаушылар автобусының қозғалысына тыйым салады
Сурет: Ашық дереккөзі

Автожолдар бойынша ахуалды 1403 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады.

«ҚазАавтоЖол» ҰК» АҚ таяу аптада ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты жүргізушілерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы аптада елімізде қатты аяз болып, ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Дизельмен жүретін көліктердің отын жүйесі қатып қалуы ықтимал. Осыған байланысты республикалық маңыздағы күре жолдарда штаттан тыс жағдайларды болдырмау үшін ұлттық оператор бірқатар өңірде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізеді. Республикалық автожолдарды пайдаланушыларды алыс сапарға шықпауға және ауа райы болжамын жіті бақылап отыруға шақырамыз», - делінген компания мәліметінде.

Еске салайық, автожолдар бойынша ахуалды 1403 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады.