Алматыда дәріден 18 адам қайтыс болғаны рас па?

Алматыда дәріден 18 адам қайтыс болғаны рас па?
Сурет: Pravda-nn.ru

Алматыда Цефтриаксон дәрілік препаратынан 18 адам қайтыс болды.

Әлеуметтік желіде осындай хабар тарап жүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осы ақпараттың қаншалықты рас екенін білу мақсатында Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне хабарласқан едік. Басқармадағылар бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.