Алматыда бюджет жобасы талқыланды

Алматыда бюджет жобасы талқыланды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мәслихат сессиясында Ерболат Досаевтың қатысумен Алматының қаласының 2023-2025 жылдарға арналған  бюджет жобасын қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы Қазақстан экономикасының бестен бір бөлігін қалыптастыра отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде ерекше орын алады. 10 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,6%-ке дейін өсті. Нақты сектордың барлық салалары тұрақты өсу траекториясына шықты.

Өсу қарқыны Қазақстанда 1-ші орынды иеленетін өңдеуші өнеркәсіп, сондай-ақ жоғары инвестициялық белсенділік Алматы экономикасының даму драйверіне айналды. Ағымдағы жылдың 10 айында негізгі капиталға салынатын инвестициялар 928,7 млрд. жақын теңге жеке инвестицияларды тарту есебінен 19,6%-ке өсті.

Осы жылдың басынан бастап жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 34,7%-ке (277 мың бірлікке дейін) көбейді. Қалада 55,8 мың жұмыс орны, оның ішінде 39,2 мың тұрақты жұмыс орны (70,3%) құрылды. Бұл жұмыссыздық деңгейін 5% дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Қала экономикасының жоғары қарқынмен өсуінің арқасында Мемлекет басшысы осы жылдың 16 қарашасында алға қойған Алматы қаласын одан әрі дамыту жөніндегі басым міндеттерді ескеретін алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің тұрақты және теңгерімді жобасы қалыптастырылды. 

2023 жылға арналған 1 трлн. 258,2 млрд. теңге сомасындағы қалалық бюджет жобасы болжамды меншікті кірістер 1 трлн. 138,4 млрд. теңге және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 119,8 млрд. теңге есебінен қалыптастырылды.  

Жергілікті бюджеттің базасына қосымша 160,4 млрд. теңге шығыстар берілгенін айта кету қажет. Енді бұл шығыстар республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінбей жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын болады. Аталған қаражат педагогтерге, дәрігерлерге, әлеуметтік қызметкерлерге және т.б. ақы мен үстемеақы төлеуге  бағытталады.

Ұсынылған 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасы Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларда (бұдан әрі – Даму бағдарламасы) айқындалған негізгі басымдықтарды ескере отырып қалыптастырылды, оны біз сіздермен бірге биыл қыркүйек айында бекіттік.