Алматыда алғашқы көпдеңгейлі муниципалды паркинг пайда болады

Алматыда алғашқы көпдеңгейлі муниципалды паркинг пайда болады
dmacpark.com

Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Алдыңғы кездесулердің бірінде аудан тұрғындары «Көктем-3» шағынауданында аяқталмаған паркинг құрылысына қатысты мәселе көтерді. Ұлттық Банк бұл нысанды қаланың балансына берді. 267 тұрақ орнына арналған алғашқы көпдеңгейлі муниципалды паркингтің құрылысы биыл жылдың соңына дейін аяқталады», - деді қала әкімі.