Алматы тауларында қар көшкіні қауіп төндіріп тұр

Алматы тауларында қар көшкіні қауіп төндіріп тұр
сурет:egemen.kz

7-8 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған орай, құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 7-8 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарынан тауға саяхаттауды кейінге шегере тұруды сұраймыз», - делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда бір тәулікте 18 рет рет қар көшкіні жүрген еді.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа баратын автожолдар жабық.

Таулы аймақтағы қар көшкіні - аса қауіпті табиғи құбылыс. Қар көшкінінің максималды жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жетуі мүмкін.