Ата-әжесіне зорлық көрсеткен алматылық әйелге ескерту жасалды

Ата-әжесіне зорлық көрсеткен алматылық әйелге ескерту жасалды
Сурет: Facebook.com

29 жасар азаматша зейнеткерлерді қорқытып, зорлық көрсеткен.

Алматы полицейлері туған ата-әжесіне зорлық көрсеткен азаматшаны сотқа жеткізді, әкімшілік сот оған ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Полиция мамандарының айтуынша, бірнеше айдан бері Алматы қаласының Наурызбай ауданында тұратын зейнеткерлер туған немересінен зорлық көруде. 1992 жылы туған С.есімді азаматша, бүкіл отбасын үрейде ұстап отыр.

 «2021 жылы 28 мамырда Наурызбай ауданының ПБ-на 1943 жылы туған С.есімді азаматтан анасының ата-анасына қарсы қол көтеретіні туралы шағым келіп түсті. Әжесі сонымен қатар, жанжал кезінде немересі оларды үйден қуып шығатыны, төбелес шығаратыны, үйдегі мүліктерді сындыратындығы, өгей бауырына түрмеге жабамын деп қорқытатындығы туралы айтты», - дейді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дидар Аханов.

 Осы жылдың 2 маусым күні 1992 жылғы С.есімді азаматшаға 1943 жылы туған С.есімді азаматшаның қауіпсіздігіне қатысты бұйрық шығарылды. Алайда ол танысқаны туралы қол қоюдан бас тартты, осыған орай акт толтырылды.

 Құқық бұзушы әкімшілік сотқа келуден бірнеше рет бас тартқаннан кейін, оны полиция қызметкерлері әкімшілік материалды қарау үшін сотқа мәжбүрлеп жеткізген.

«Бұл материал 2021 жылдың 28 шілдесінде Алматы қаласының МАӘС-да қаралды және ескерту түрінде әкімшілік шара қолданылды. Полиция қызметкерлері залым әйелдің жақын туыстарына қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін бұл мекенжайға күн сайын келіп тұратын болады», – делінген Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.