Алматыда 15 қаңтардан бастап кейбір автобустардың бағыты өзгереді

Алматыда 15 қаңтардан бастап кейбір автобустардың бағыты өзгереді
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматы қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылғы 15 қаңтардан 19 қаңтарға дейін көркем фильмнің түсірілуіне байланысты маршруттардың қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

16 қаңтар сағ. 19:00-ден 17 қаңтар сағ. 02:00 дейін:

№124, 45, 79 оңтүстік бағытта Алтынсарин даңғылы - Шаляпин көшесі - Сәтпаев көшесі - Әуезов көшесі - Тимирязев көшесі - бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Тимирязев көшесі – Жароков көшесі - Сәтпаев көшесі – Шаляпин көшесі - Алтынсарин даңғылы бұдан әрі сызбасы бойынша;

№22  шығыс бағытта Жандосов көшесі - Әуезов көшесі - бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Әуезов көшесі - Жандосов көшесі бұдан әрі схема бойынша;

№№32, 205  солтүстік бағытта Сүлейменов көшесі - Алтынсарин даңғылы - Сәтпаев көшесі - Әуезов көшесі - Тимирязев көшесі бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Тимирязев көшесі - Әуезов көшесі - Сәтпаев көшесі - Алтынсарин даңғылы - Сүлейменов көшесі  бұдан әрі схема бойынша;

ТП11 шығыс бағытта Жандосов көшесі – Әуезов көшесі - Абай даңғылы бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Абай даңғылы - Әуезов көшесі - Жандосов көшесі  бұдан әрі схема бойынша;

№ 31-оңтүстік бағытта – Саин көшесі - әл-Фараби даңғылы - Жароков көшесі  бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Жароков көшесі - әл-Фараби даңғылы – Саин көшесі бұдан әрі схема бойынша;
 
№135 – шығыс бағытта Жандосов көшесі - Розыбакиев көшесі бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Розыбакиев көшесі - Жандосов көшесі бұдан әрі схема бойынша;

18 қаңтар сағат 03.00-ден 07.00-ге дейін:

№112 – шығыс бағытта Құрманғазы көшесі - Абылай хан даңғылы - Абай даңғылы – Достық даңғылы - Қонаев көшесі бұдан әрі схема бойынша; кері бағытта өзгеріссіз;
№12 - оңтүстік бағытта Абылай хан даңғылы - Абай даңғылы - Достық даңғылы  бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз.