Алматыда монша кешені өртенді

Алматыда монша кешені өртенді
Cурет: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

5 қыркүйек күні таңертең Алматы қаласындағы монша кешені өртенді.

2021 жылғы 5 қыркүйекте  таңғы 7сағат: 49минутта  өрт сөндірушілер Медеу ауданы, Керей және Жәнібек хандар к-сі, 452-ге шықты. Келген бойда «Ля купель» екі қабатты монша кешенінің «парильная» бөлімінің жануы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жанып тұрған пеноблок пен ағаштан жасалған монша кешенінің ғимараты, өрттің  жақын орналасқан екі ғимаратына таралу қаупін тудырды.
Қатты түтіндеуге байланысты газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары іске қосылды. Өрт ошағын анықтау үшін тепловизорлар  қолданылды. Барлау жұмыстарны кезінде екінші қабаттың төбе жабындысының жартылай опырылуы орын алды, әрі қарай  өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, өрт сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізді, магистральдық желілер тартылып, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды, 
Сондай-ақ кешен аумағындағы ашық су көзінен мотопомпадан су алынып, осылайша суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Ауданның су көздерінің аз болуына байланысты «Алматы су» қосымша су тасымалдау ұйымдастырылған.
Әкімшіліктің айтуынша, кешенде демалушылар болған жоқ.
Өртті сөндіруге жеке құрамынан 34 адам, 8 бірлік техника және қалалық өзара әрекеттесу қызметтері жұмылдырылды.
Қабылданған шаралармен өрт 9:58 де ауыздықталып, Монша кешенінің жанында тұрған ғимараттарға таратуға жол берілмеді.