Бүгін де Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклоны өз ықпалын сақтайды - "Қазгидромет"

Бүгін де Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклоны өз ықпалын сақтайды - "Қазгидромет"
Сурет: Inform.kz

«Қазгидромет» РМК ел аймақтарында 25 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклон жотасымен жауын-шашынсыз ауа райы әлі де өз ықпалын сақтайтын болады. Тек ҚР-ның солтүстік, шығыс өңірлерінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен әлсін-әлсін қар жауып, жаяу бұрқасын жүруі мүмкін.

Республика аумағы бойынша тұман түседі, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, шығыста желдің күшеюі күтіледі», - деп жазды синоптиктер.