Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Қар, көктайғақ, тұман

"Қазгидромет" синоптиктері 7 желтоқсан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауқымды антициклон әсер етеді. Соның салдарынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронттардың ықпалымен қар жауып, көктайғақ болады.

Елдің оңтүстігінде жел күшейеді, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.