«Алматы жастар» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдана бастады

«Алматы жастар» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдана бастады
Сурет: Ecotonkosti.ru

Бағдарламаға қатысушылар 18 миллион теңге дейін несие ала алады.

Мамырдың 18 бастап қалада «Алматы жастар» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдана бастайды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барасында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталмыш бағдарламаға қатысушыларға 5%, жеңілдетілген несие беріледі. Оларға үй алу үшін 18 миллион теңге дейін қаржы беріледі. Жастар бұл несиені 25 жыл үшінде өтеп шығуы тиіс.

«Алматының 1000 жас отбасы баспаналы болады. Олардың арасында медицина саласының мамандары, ұстаздар, ғалымдар мен мәдениет саласының, құқыққорғау органдарының өкілдері, журналисттер мен әлеуметтік қорғау мекемелерінің қызметкерлері бар»,- деді әкім.