Алматы ТЖД басқармасының бастығы сотталды

Алматы ТЖД басқармасының бастығы сотталды
Сурет: интернеттен

Ол 13 млн теңге пара алған.

Алматыда кәсіпкерге қамқорлығы үшін пара алған ТЖД басқармасының бастығы жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 8 желтоқсанында Қостанай қаласының №2 сотымен Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім шықты.

«Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды», - деп жазылған хабарламада.

Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.