Алматы тауларында жоғалған турист екінші күн іздестіріліп жатыр

Алматы тауларында жоғалған турист екінші күн іздестіріліп жатыр
yvision.kz

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz

«5 тамызда 39 жастағы турист «Шымбұлақ – Талғар асуы (3163 м) – Богданович мұздығы (3500 м) – Абай шыңы (4010 м)» бағытын жалғыз өзі еңсермек болды және алдын ала келісілген уақытта байланысқа шықпады. Іздеу орнында Төтенше жағдайлар департаменті, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының 30-дан астам қызметкері, ерікті құтқару қызметінің волонтерлері, қалалық құтқару қызметінің құтқарушылары, Алматы қаласының Альпинизм федерациясының өкілдері, екі кинология тобы және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды», - делінген министрлік мәліметінде.

ТЖМ құтқарушылары тауға жалғыз көтерілу және маршрутты өзгерту қауіпті екенін еске салады.