Алматы полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді іздестіріп жатыр

Алматы полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді іздестіріп жатыр
Сурет: Polisia.kz

Алматыда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау және шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу деректерін анықтау мақсатында “Келімсек” жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шара 11-15 наурыз аралағында өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Сонымен қатар бұл іс-шара еліміздегі шетелдіктердің құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған. Жедел іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша қалада барлығы 80 көші-қон заңнамасын бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік азаматтардың жаппай болатын жерлері ерекше бақылауда», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.