Қазақстандық студенттер коронавирусқа қарсы дәрі жасауға атсалысып жатыр

Қазақстандық студенттер коронавирусқа қарсы дәрі жасауға атсалысып жатыр
Сурет: видеодан скриншот

Ресейдің Екатеринбург қаласында оқып жатқан қазақстандық студенттер коронавирусқа қарсы дәрі жасауға үлес қосып жатыр.

Орал федералды университетінің арнайы орталығында молекулалар стандартталып, кейін дәрілік зат шығарылады. Магистратурада білім алып жатқан студенттер ғылыми жұмыспен айналысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Вирусқа қарсы препараттан бөлек, диабетке қарсы тұра алатын дәрі жасалып, қазір клиникалық зерттеуден өткізіліп жатыр.

«Біздің орталықтың стратегиялық мақсаты- дәрілік заттарға айналуы мүмкін молекулалардың бағытталған синтезі. Озық технологияларды дамыту көзделуде. Орталықта бірнеше магистрлік бағдарламалар жүзеге асырылады. Магистратурада шамамен 120 адам оқиды. Бұл студенттердің барлығы нақты жобаларға қатысады», - дейді химия ғылымдарының кандидаты Алиса Козицина.