Алдағы үш күнде ауа райы 32 градусқа дейін ысиды

Алдағы үш күнде ауа райы 32 градусқа дейін ысиды
Сурет: Tengrinews.kz

"Қазгидромет" 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты, Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады деп болжайды.

Республиканың солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болмақ. Елдің батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы 18-26 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 15-26-қа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында 32 градусқа дейін ыстық болады.