Алматы полицейлері ескертеді: жүк тасымалында алаяқтарға алданып қалмаңыз

Алматы полицейлері ескертеді: жүк тасымалында алаяқтарға алданып қалмаңыз
Сурет: Polisia.kz

Алматы полицейлері жүк тасымалы саласындағы алаяқтық туралы ескертеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алатау ауданының тәртіп сақшылары осыған ұқсас бірқатар қылмыстарды жасады деген күдікпен 1986 жылы туған Б.есімді азаматты ұстады.

«Күдікті ұсталды. Жүк тасымалдау саласындағы арнайы ресурстарға қызмет көрсету туралы хабарландыруларды орналастырып, адамдарды алдағаны анықталды. Қазір уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Көрсетілген адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтар мына байланыс телефондарына хабарласа алады: 8-700-555-54-44; 8-747-297-23-66», – деді Алатау аудандық ПБ бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Бұл ретте полицейлер алаяқтардың құрбаны болмау үшін ұсыныстар берді.

«Тасымалдау үшін төлем жасамау немесе қосалқы төлем. Бұл тізбектен тасымалдаушының өзі зардап шегеді, ол делдал-диспетчерден көрсетілген қызметі үшін ақша ала алмайды. Қорытындысы – адам жүкті жеткізген, оны алушыға тапсырған ал, алушы өз кезегінде делдалдың шотына төлем жасамаған. Егер диспетчер жай ғана қосымша пайда таппаса, тасымалдаушы айтарлықтай шығынға ұшырады. Өз құқығыңызды қорғауға болады, егер делдалдар арқылы тауар тасымалдамасаңыз немесе қызмет үшін толық төлем жасалмаған болса рейске шығудан бас тартсаңыз. Келісілген сомадан 30-40%-дан аз болатын шамалы алдын-ала төлем үшін кейінге қалдырылған төлем тізбегі бойынша жұмыс істеуге келіспеу керек. Шағын тасымалдаушылар үшін нұсқа – жауапты тұлға алаяқтық тізбектердің алдын алатын қауымдастық құру», – деп түйіндеді өз сөзін І.Өмірсеріков.